2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекітті. Қазіргі таңда осы жаңа бағдарлама негізінде тәрбие жұмысы жүргізілуде. Тәрбие жұмысының басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, жоғары мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі бар, елін сүйетін ұлтжанды, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматтарды тәрбиелеу.